22
қазан
2026
«ҰЛЫ ДАЛА ОЙШЫЛДАРЫ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ
А. МАКАРЕНКО АТЫНДАҒЫ №41 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ «ҰЛЫ ДАЛА ОЙШЫЛДАРЫ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ
Ұлттың ұлы ойшылдары – ұрпаққа өнеге!
2026 жылғы 20 қазанда Республика күніне арналған зияткерлік апталық аясында А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 8–9 сынып оқушылары арасында «Ұлы дала ойшылдары» атты пікірталас зияткерлік сайысы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, ұлттық тарих пен рухани мұраға деген қызығушылығын арттыру, Ұлы дала ойшылдарының өмірі мен шығармашылығын таныту, сондай-ақ жас ұрпақтың сыни ойлау, өз пікірін еркін жеткізу және дәлелді сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Сайыс барысында оқушылар ұлы дала ойшылдарының даналық сөздері мен тағылымды ойларына тоқталып, олардың еңбектерінің бүгінгі қоғам үшін маңызын талқылады. Қатысушылар өз білімдерін ортаға салып, түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасты. Пікірталас барысында оқушылардың тапқырлығы, білім деңгейі, ой ұшқырлығы және өз көзқарасын дәлелдей білу қабілеттері көрініс тапты.
Осындай зияткерлік сайыстар оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, тарихи тұлғалардың мұрасын бағалауға және елжанды азамат болып қалыптасуға ықпал етеді.
Ұлы дала ойшылдарының өсиеті мен даналығы – бүгінгі ұрпақ үшін рухани бағдар, болашаққа бастар сара жол. Өз тарихын таныған, ұлттық мұрасын құрметтеген ұрпақтың келешегі кемел болмақ!

