16
қараша
2026
НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, есірткіге тәуелділіктің және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында салауатты өмір салтына деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, есірткі заттарының адам денсаулығына, өміріне және болашағына тигізетін зиянды әсері туралы түсінік беру, сондай-ақ оқушыларды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға нашақорлықтың адам ағзасына тигізетін кері әсері, есірткіге тәуелділіктің ауыр зардаптары және оның жеке тұлғаның өміріне, отбасына, қоғамға келтіретін зияны туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар зиянды әдеттерден аулақ болу, бос уақытты тиімді пайдалану, спортпен шұғылдану, салауатты орта қалыптастыру және кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай білу мәселелері қозғалды.
Тақырып аясында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Есірткіге қарсы тұру, теріс әрекеттерге ермеу, күмәнді ұсыныстардан бас тарту және өз қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы талқыланды.
Нашақорлықпен күрес – тек белгілі бір мекеменің немесе отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру, олардың саналы таңдау жасауына ықпал ету және қауіпсіз болашағына жағдай жасау – баршамыздың жауапкершілігіміз.
Біздің ұстанымымыз – есірткісіз өмір, салауатты ұрпақ және жарқын болашақ!

