22
қазан
2026
«ЗЕРДЕ» ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРІ ӨТТІ
А. МАКАРЕНКО АТЫНДАҒЫ №41 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ «ЗЕРДЕ» ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРІ ӨТТІ
Білім мен ғылым – болашаққа бастар жол!
2026 жылғы 21 қазанда А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Республика күніне арналған «Республика күні. Зияткерлік апталығы» аясында пәнаралық «Зерде» зияткерлік турнирі және оқушылардың ғылыми жобалары мен инновациялық идеяларының таныстырылымы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және жаңашыл идеяларды жүзеге асыруға ынталандыру.
Пәнаралық зияткерлік турнир барысында оқушылар өз білімдерін ортаға салып, түрлі пәндер бойынша танымдық тапсырмаларды орындау арқылы білім деңгейлері мен ой ұшқырлықтарын көрсетті. Турнир оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа және топпен жұмыс істеуге баулыды.
Сонымен қатар білім алушылар өздерінің ғылыми жобалары мен инновациялық идеяларын таныстырып, зерттеу жұмыстарының мазмұны мен маңызын көрсетті. Жас зерттеушілердің тың идеялары, шығармашылық ізденістері мен жаңашыл бастамалары олардың ғылымға деген қызығушылығының жоғары екенін аңғартты.
Осындай зияткерлік іс-шаралар оқушылардың әлеуетін ашуға, ғылыми дүниетанымын кеңейтуге және болашақта өз саласының білікті маманы болып қалыптасуына жол ашады.
Зияткер ұрпақ – ел болашағы! Білім мен ғылымды қатар меңгерген, жаңашыл ойлайтын жас ұрпақ – Қазақстанның өркендеуінің кепілі.
