17
қараша
2026
ТӘУЕЛСІЗДІК – ҰЛЫ МҰРА!
ТӘУЕЛСІЗДІК – ҰЛЫ МҰРА!
А.С. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар бастау алды.
Тарихы терең, тағылымы мол мерейлі мереке аясында мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік – ұлы мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – жас ұрпаққа еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихын таныту, азаттықтың қадір-қасиетін ұғындыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Сонымен қатар мектепте «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 35 жыл» тақырыбында арнайы мерекелік бұрыш ашылып, безендірілген баннер мен фотоаймақ жасақталды. Бұл бұрыштан еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, тарихи кезеңдері мен жарқын белестері көрініс тапты.
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы, ұрпаққа аманат болған ұлы құндылық. Оны құрметтеу, тарихын білу және ел болашағына үлес қосу – әрбір азаматтың парызы.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы болсын!
Тәуелсіздік – елдігіміздің ең асыл қазынасы!
