20
қараша
2026
«МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА: ОРТАҚ МАҚСАТ – САНАЛЫ ҰРПАҚ»
«МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА: ОРТАҚ МАҚСАТ – САНАЛЫ ҰРПАҚ»
А. С. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының (АПҚО) жұмыс жоспарына сәйкес 13.11.2026 күні ата-аналармен өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру, бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту және ортақ тәрбиелік ұстанымдарды қалыптастыру.
Кездесу барысында жасөспірімдермен дұрыс қарым-қатынас орнату, баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жағымсыз әдеттердің алдын алу мәселелері қозғалды.
Ата-аналарға баланың күнделікті өміріне қызығушылық таныту, оның достық ортасын бақылау, сенімді қарым-қатынас қалыптастыру және әрдайым қолдау көрсету қажеттілігі түсіндірілді.
Осындай кездесулер ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Бір мақсат, ортақ міндет – білімді, тәрбиелі, жауапты ұрпақ қалыптастыру!
