12
қазан
2026
ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУ ТРЕНД» АКЦИЯСЫ
ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУ ТРЕНД» АКЦИЯСЫ
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі №210 хатына сәйкес, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және қазақ тілін цифрлық ортада дамыту мақсатында «Қазақша сөйлеу тренд» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру, қазақ тілін күнделікті өмірде және әлеуметтік желілерде кеңінен қолдануға ықпал ету.
Акция аясында оқушылар қазақ тілінде бейнеролик түсіріп, өздерінің тілге деген құрметін, мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылығын көрсетті. Осындай бастамалар жас ұрпақтың тілдік мәдениетін қалыптастырып, қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға зор үлес қосады.
Қазақша сөйлеу – сәнде, қазақ тілі – жүректе!
Мемлекеттік тілді бірге дәріптейік, бірге дамытайық!
Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани байлығы, елдігіміздің басты белгісі. Мемлекеттік тілді құрметтеу, оны үйрену және күнделікті өмірде еркін қолдану – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қазақ тілінің болашағы – жас ұрпақтың қолында. Сондықтан жастар арасында қазақша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тілімізді заман талабына сай дамыту және оның беделін арттыру бағытындағы осындай игі бастамалардың маңызы зор.
Қазақша сөйлеу – тек тренд емес, ұлттық құндылыққа деген құрмет!
Қазақ тілінде сөйлейік, қазақ тілінде ойлайық, мемлекеттік тілімізді бірге дәріптейік! Әрбір қазақша айтылған сөз – тіліміздің болашағына қосылған үлес!