ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 48-91-43
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
13
қараша
2026

ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 10–30 қараша аралығында өткізіліп жатқан пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату мен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шара аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату мен пайдаланудың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылыққа жол бермеу мәселелері талқыланды.
Жиынға Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қатысып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196, 436, 483-баптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, сауда орындары мен дүкендерде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілері анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатыны ескертілді.
 Кездесуге қатысқан полиция қызметкерлері:
* Полиция майоры А. Әмірхан;
* Полиция капитаны А. Раимбекова;
* Полиция лейтенанты Н. Сатбек.
 Жиналыстың негізгі мақсаты – балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау, құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік!