Халықаралық білім додасындағы зор жетістік! Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 10 «В» сынып оқушысы Ермағамбетов Бексұлтан халықаралық деңгейде үлкен жетістікке қол жеткізді. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 48-91-43
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық білім додасындағы зор жетістік! Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 10 «В» сынып оқушысы Ермағамбетов Бексұлтан халықаралық деңгейде үлкен жетістікке қол жеткізді.
02
мамыр
2026

Халықаралық білім додасындағы зор жетістік! Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 10 «В» сынып оқушысы Ермағамбетов Бексұлтан халықаралық деңгейде үлкен жетістікке қол жеткізді.

Халықаралық білім додасындағы зор жетістік!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 10 «В» сынып оқушысы Ермағамбетов Бексұлтан халықаралық деңгейде үлкен жетістікке қол жеткізді.
Біздің мектебіміздің дарынды оқушысы Ермағамбетов Бексұлтан ағылшын тілінде өтетін беделді халықаралық білім сайысы — World Scholar’s Cup (WSC) олимпиадасына қатысып, бірнеше бағыт бойынша жүлделі орындарға ие болып, жаһандық кезеңге жолдама алды.
World Scholar’s Cup — әлемнің 50-ден астам елінде өтетін, оқушылардың білімін, сыни ойлауын, шешендік қабілетін және жан-жақты дайындығын бағалайтын халықаралық олимпиада. Олимпиада бағдарламасы 4 негізгі кезеңнен тұрады: Team Debate, Collaborative Writing, Scholar’s Challenge және Scholar’s Bowl.
Сайыс барысында қатысушылар Science & Technology (Ғылым және технология), Social Studies (Қоғамтану), History (Тарих), Art & Music (Өнер және музыка), Literature & Media (Әдебиет және медиа) бағыттары бойынша білімдерін сынға салды.
Shymkent Round кезеңінде А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушысы Ермағамбетов Бексұлтан жоғары нәтиже көрсетіп, келесі жетістіктерге қол жеткізді:
🥇 Debate бағыты бойынша — Gold Medal
🥇 Collaborative Writing бағыты бойынша — Gold Medal
🥈 Team Writing бағыты бойынша — Silver Medal
🏆 Senior Team құрамында — 3 орын
🏆 Scholars Bowl Team құрамында — 3 орын
🥇 Debate Team құрамында — 4 орын көрсеткіші үшін Gold Medal
Осындай жоғары нәтиженің арқасында Ермағамбетов Бексұлтан World Scholar’s Cup халықаралық олимпиадасының жаһандық кезеңіне жолдама алды.
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі үшін бұл — үлкен мақтаныш!
Бексұлтанның жетістігі — білімге деген ұмтылыстың, табандылық пен тынымсыз еңбектің жарқын көрінісі.
Дарынды шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жаһандық кезеңде сәттілік пен толағай табыс тілейміз