А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушысы Молдабаев Азамат U-Vision олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 48-91-43
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушысы Молдабаев Азамат U-Vision олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.
04
мамыр
2026

А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушысы Молдабаев Азамат U-Vision олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Білім додасындағы жарқын жеңіс!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушысы Молдабаев Азамат U-Vision олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. 👏
U-Vision олимпиадасы Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті жанынан ұйымдастырылып, 2025 жылғы 6 қарашадан 2026 жылғы 17 сәуір аралығында өтті. Олимпиада 4 кезеңнен тұрып, қатысушылардың теориялық білімін ғана емес, оны тәжірибеде қолдану қабілетін жан-жақты бағалауға бағытталды. 📚
Білім сайысына 1200 үміткер қатысып, іріктеу нәтижесінде финалдық кезеңге тек 40 қатысушы жолдама алды. Финалда оқу жеңілдіктері мен білім гранттары сарапқа салынды. 🎓
Нәтижесінде А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушысы Молдабаев Азамат терең білімі мен білімін тәжірибеде тиімді қолдана білуінің арқасында үздік нәтиже көрсетіп, білім грантын жеңіп алды. 🏅
Бұл — оқушымыздың табандылығы мен үздіксіз ізденісінің, сондай-ақ ұстаздар еңбегінің жарқын жемісі. 🌟
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі үшін бұл — үлкен мақтаныш!
Оқушымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!