
Оқушыларға кәсіби бағдар беру – болашаққа бағыт!

№41 А. Макаренко атындағы мектеп-лицейінде 8–11 сынып оқушылары арасында кешенді кәсіби бағдар беру диагностикасы жүргізілді.

Диагностиканың негізгі мақсаты – оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын анықтау, жеке қабілеттерін ескере отырып бағыт беру және болашақ мамандық таңдауға көмектесу.

Зерттеу барысында арнайы әдістемелер қолданылды:
– кәсіби қызығушылықтарды анықтауға арналған тесттер;
– сұхбат және бақылау арқылы әлеуметтік дағдылар мен оқу мотивациясы сараланды.

Нәтижесінде оқушылардың қызығушылықтары келесі бағыттар бойынша анықталды:

Әлеуметтік-педагогикалық бағыт – 25%

Техникалық-математикалық бағыт – 20%

Медициналық бағыт – 15%

Экономикалық және құқықтық бағыт – 13%

Табиғат және биология – 12%

Шығармашылық бағыт – 10%

Спорттық бағыт – 5%

Зерттеу қорытындысы бойынша оқушылар арасында ең жоғары қызығушылық әлеуметтік-педагогикалық және техникалық бағыттарға байқалды.

Бұл нәтижелер әр оқушының жеке қабілетін ескере отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Педагог-психологтар оқушыларға болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар беріп, жүйелі жұмыстар жүргізуді жалғастырады.

Әрбір оқушының дұрыс таңдау жасауы – жарқын болашақтың кепілі!

Педагог-психологтар:
Исаханова Н.Б.
Қуатбекова З.Ә.