28
наурыз
2026
Шымкент қаласындағы А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі білім алушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша 5–6 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңінде жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие бо
Шымкент қаласындағы А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі білім алушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша 5–6 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңінде жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды 
Атап айтқанда, 5-сынып оқушысы Юдакова Ангелина ағылшын тілі пәні бойынша өз білімін жоғары деңгейде дәлелдеп, ІІI дәрежелі дипломмен марапатталды 

Жетекшісі – Стыбаева Ұлжан Еркебаевна.
Сонымен қатар, 6-сынып оқушысы Колобаев Кирилл математика пәні бойынша терең білімі мен логикалық ойлау қабілетін көрсетіп, ІІ дәрежелі диплом иегері атанды 

Жетекшісі – Пайдаева Эльмира Амановна.
Оқушылардың бұл жетістіктері – олардың білімге деген құштарлығы мен табандылығының, сондай-ақ ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен жүйелі еңбегінің нәтижесі 
Олимпиада барысында білім алушылар өздерінің зияткерлік әлеуетін, пәндік дайындығының жоғары деңгейде екенін айқын көрсете білді 
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі ұжымы оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына және дарынды жастарды қолдауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді 
Осындай жетістіктер – білім ордасының мәртебесін арттырып, мерейін үстем етуде 