26
ақпан
2026
Шымкент қалалық прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қылмыстық атқару жүйесі мекемелері мен білім беру ұйымдары арасында телекөпір ұйымдастырылды.
Шымкент қалалық прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қылмыстық атқару жүйесі мекемелері мен білім беру ұйымдары арасында телекөпір ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын түсіндіру. Кездесу барысында қатысушылар қылмыстың салдары, заң алдындағы жауапкершілік және дұрыс өмірлік таңдау жасау мәселелерін талқылады.
Телекөпір ашық диалог форматында өтіп, студенттер мен оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеуде маңызды екенін атап өтті.
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушылары да аталған телекөпірге белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Бұл шара оқушылардың саналы таңдау жасау қабілетін дамытуға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және өмірлік бағыт-бағдарын айқындауға үлес қосатыны сөзсіз.