“Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбындағы кездесу » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбындағы кездесу
17
қыркүйек
2025

“Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбындағы кездесу

“Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбындағы  кездесу
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 9-10-11-сынып ұл балаларымен және қыз балаларымен “Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбында Шымкент қаласы ҚПД-ның Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Д.Бекболатұлы, Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ КТІЖ инспекторы полиция капитаны А.Раимбекова кездесу жиналысы өтілді.
Жиналыстың күн тәртібінде “Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың  алдын алу”, “Мектеп ережесін сақтау”, “Интернет алаяқтары туралы”, “Жолда жүру ережелерін сақтау” тақырыптары қамтылды.
Құқықбұзушылықтың алдын алу іс-шаралары жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, құқықбұзушылықтың деңгейін төмендетудің басты жолы екенін түсіндірді. Сондай-ақ  кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттеріне тоқталып өтті.
Арнайы дайындалған бейнетүсірілімдер мен  видеолар көрсетілді.
Интернеттегі қауіпсіздік, буллинг пен кибербуллинг, жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылық, жол ережелері тақырыптары кеңінен қамтылып, білім алушыларға түнгі уақытта көшеде жүрудің салдары, ата-аналардың жауапкершілігі туралы да түсіндіріліп, құқықтық нормаларды сақтау - әрбір жасөспірімнің міндеті екені айтылды.