Мектебімізде оқушылардың дүниетанымын кеңейту, діни сауаттылықтарын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде оқушылардың дүниетанымын кеңейту, діни сауаттылықтарын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
18
қыркүйек
2025

Мектебімізде оқушылардың дүниетанымын кеңейту, діни сауаттылықтарын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

🕌 Жастар тәрбиесіндегі маңызды кездесу 🕌
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде оқушылардың дүниетанымын кеңейту, діни сауаттылықтарын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл кездесуге теолог маманы Амангелді Нұрбек шақырылып, жасөспірімдерге тағылымы мол әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер, жасөспірімдердің діни көзқарастарын қалыптастырудағы жауапкершілік, экстремизм мен жат ағымдардың зияны туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушыларға ата-ананы құрметтеу, адамгершілік құндылықтарды сақтау, Отанға адал қызмет ету секілді маңызды тақырыптарда ой тасталды. 🌿
Мұндай шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың дұрыс бағытта дамуына ықпал ету, оларды саналы, рухани бай, елін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу. Теолог маманы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз тәжірибесімен бөлісіп, өмірлік маңызы зор кеңестерін айтты.
Осындай кездесулер жасөспірімдердің көзқарасын кеңейтіп қана қоймай, оларды түрлі теріс ағымдардан сақтандыруға, дұрыс таңдау жасауға және адамдық, ұлттық құндылықтарды жоғары қоюға тәрбиелейді. 🌟