«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 48-91-43
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
22
октябрь
2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

А. МАКАРЕНКО АТЫНДАҒЫ №41 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Тазалық – тәртіптің бастауы, табиғатты қорғау – болашаққа деген жауапкершілік!
2026 жылғы 23 октябрьда Республика күні мерекесінің қарсаңында А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты – білім алушылардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін арттыру, тазалыққа, ұқыптылыққа және туған жерге деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында мектеп аумағының тазалығына назар аударылып, қоршаған ортаны таза ұстау, қоқыстарды жинау және сұрыптау, жасыл желектерді күтіп-баптау, табиғи ресурстарды үнемдеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар оқушыларға суды үнемдеудің маңыздылығы, табиғи байлықтарды қорғау, тарихи-мәдени мұраларды сақтау және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау туралы түсініктер берілді. Экологиялық тәрбиеге бағытталған жұмыстар арқылы жас ұрпақтың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыруға ерекше мән берілді.
«Таза Қазақстан» акциясы – тек тазалық жұмыстары ғана емес, әрбір азаматтың туған жеріне деген құрметін, табиғатқа деген жанашырлығын көрсететін маңызды бастама. Таза әрі көрікті орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің ұжымы қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және өскелең ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеуге бағытталған игі бастамаларды қолдайды.
Таза Қазақстан – жарқын болашақ кепілі! Туған жерімізді бірге көркейтейік!