САЛАУАТТЫ ЖАС – САНАЛЫ БОЛАШАҚ! » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 48-91-43
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
» » САЛАУАТТЫ ЖАС – САНАЛЫ БОЛАШАҚ!
16
ноябрь
2026

САЛАУАТТЫ ЖАС – САНАЛЫ БОЛАШАҚ!

САЛАУАТТЫ ЖАС – САНАЛЫ БОЛАШАҚ!
А.С. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Салауатты жас: дене, ой, цифрлық әлем және болашақ» тақырыбында конференция өткізілді.
Іс-шара АО «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» ЖТД-2 кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Досыбаева Гүлжан Нұрбековна негізін қалаған жоба аясында және топ жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Сартаева Қаламқас Алмешовнаның басшылығымен ЖТД-2 кафедрасының ІЖТДК 17–25 топ дәрігер-интерндерінің қатысуымен 2025 жылғы 11 декабрьда ұйымдастырылды.
Конференция барысында мектеп-лицей оқушылары мен педагогикалық ұжымға салауатты өмір салтын қалыптастыру, ақыл-ой денсаулығын сақтау, энергетикалық сусындардың адам ағзасына зияны, цифрлық ортадағы қауіпсіздік және медицина мамандығына кәсіби бағдар беру бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушыларға денсаулықты күту, зиянды әдеттерден аулақ болу, цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану және болашақ мамандықты дұрыс таңдау жөнінде маңызды ақпараттар ұсынылды.
Аталған конференция оқушылар мен педагогтердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға, цифрлық сауаттылығын дамытуға және мектепте салауатты әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Дені сау ұрпақ – ел болашағы! Салауатты өмір салтын бірге қалыптастырайық!