13
ноябрь
2026
ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 10–30 ноябрь аралығында өткізіліп жатқан пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату мен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шара аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату мен пайдаланудың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылыққа жол бермеу мәселелері талқыланды.
Жиынға Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қатысып, Қазақстан Республикасының Администрация құқық бұзушылық туралы кодексінің 196, 436, 483-баптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, сауда орындары мен дүкендерде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілері анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатыны ескертілді.
Кездесуге қатысқан полиция қызметкерлері:
* Полиция майоры А. Әмірхан;
* Полиция капитаны А. Раимбекова;
* Полиция лейтенанты Н. Сатбек.
Жиналыстың негізгі мақсаты – балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау, құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік!

