20
ноябрь
2026
ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ»
ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ»
А. С. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы (АПҚО) жұмысы аясында 11.11.2026 ж ата-аналарға арналған тәрбиелік бағыттағы кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – отбасы тәрбиесінің маңыздылығын түсіндіру, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Іс-шара барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасындағы өзара сыйластық, сенімді қарым-қатынас орнату және балаға дұрыс бағыт-бағдар берудің маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, бала тәрбиесіне қатысты пікір алмасты.
Отбасы – бала бойына адамгершілік қасиеттерді, ізеттілік пен жауапкершілікті қалыптастыратын алғашқы тәрбие ортасы. Сондықтан мектеп пен ата-ананың бірлесе жұмыс істеуі – саналы ұрпақ тәрбиелеудің маңызды шарты.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы – сапалы тәрбиенің негізі!
