20
ноябрь
2026
«МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА: ОРТАҚ МАҚСАТ – САНАЛЫ ҰРПАҚ»
«МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА: ОРТАҚ МАҚСАТ – САНАЛЫ ҰРПАҚ»
А. С. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының (АПҚО) жұмыс жоспарына сәйкес 13.11.2026 күні ата-аналармен өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру, бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту және ортақ тәрбиелік ұстанымдарды қалыптастыру.
Кездесу барысында жасөспірімдермен дұрыс қарым-қатынас орнату, баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жағымсыз әдеттердің алдын алу мәселелері қозғалды.
Родителям баланың күнделікті өміріне қызығушылық таныту, оның достық ортасын бақылау, сенімді қарым-қатынас қалыптастыру және әрдайым қолдау көрсету қажеттілігі түсіндірілді.
Осындай кездесулер ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Бір мақсат, ортақ міндет – білімді, тәрбиелі, жауапты ұрпақ қалыптастыру!
