«ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 48-91-43
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
» » «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»
22
октябрь
2026

«ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»

«ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Республика күніне арналған зияткерлік апталықтың ашылуы өтті
2026 жылғы 19 октябрьда А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Республика күніне арналған зияткерлік апталық аясында «Тарихтан тағылым – болашаққа бағдар» тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты ұйымдастырылды.
Апталықтың басты мақсаты – білім алушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тарихын құрметтеуге және отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас ұрпақтың тарихи санасы мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.
Апталықтың алғашқы күнінде 8 «А» сынып оқушылары Шымкент қаласындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне барып, «Республика күні – елдігіміздің айғағы» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Музейге саяхат барысында оқушылар еліміздің күрделі тарихи кезеңдерімен танысып, өткен тарихтың тағылымын ұғынуға, азаттық пен тәуелсіздіктің қадірін түсінуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар мектепте Қазақстанның мемлекеттілік тарихына арналған тарихи хронология мен деректер көрмесі әзірленді. Көрмеде еліміздің қалыптасу тарихы, мемлекеттіліктің даму кезеңдері және ел тарихындағы маңызды оқиғалар қамтылды. Бұл көрме оқушылардың тарихи білімдерін толықтырып, туған елінің өткені мен бүгініне тереңірек үңілуіне ықпал етті.
«Тарих сөйлейді» зияткерлік сайысы да апталықтың мазмұнын байытып, оқушылардың тарихи білімін жетілдіруге, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталды.
Тарих – ұлттың рухани қазынасы, ал оны білу – болашаққа нық қадам басудың негізі. Өткенін таныған ұрпақ елінің ертеңіне жауапкершілікпен қарайды. Осындай танымдық және зияткерлік іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық мақтаныш пен азаматтық ұстаным қалыптасады.
наша историяды танып, тәуелсіздігімізді бағалайық! Еліміздің жарқын болашағы білімді де саналы ұрпақтың қолында!