16
қаңтар
2026
Қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің, соның ішінде нашақорлықтың алдын алу – аса маңызды мәселе болып отыр
Қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің, соның ішінде нашақорлықтың алдын алу – аса маңызды мәселе болып отыр 
. Нашақорлық баланың денсаулығына 
, психологиялық жағдайына
, оқу үлгеріміне
, мінез-құлқына және болашақ өміріне
үлкен қауіп төндіреді.
Осы ретте ата-аналардың рөлі ерекше
. Баланың кіммен араласатынына
, бос уақытын қалай өткізетініне
, қызығушылықтары мен көңіл күйіне 
үнемі назар аудару – нашақорлықтың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Отбасындағы жылы қарым-қатынас
, сенім мен ашық әңгіме
балаға кез келген қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Ата-аналар балаларына салауатты өмір салтын 
насихаттап, спортпен айналысуға
, пайдалы істермен шұғылдануға 
бағыттауы қажет. Сонымен қатар, зиянды заттардың адам өміріне тигізетін ауыр зардаптары туралы
жасына сай түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды.
Егер баланың мінез-құлқында күмәнді өзгерістер байқалса
, уақыт оздырмай мектеп психологымен
, сынып жетекшісімен немесе мамандармен
кеңескен жөн. Бірлескен әрекет қана баланы теріс жолдан сақтап қала алады 
.
Нашақорлықтың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз
Балаларымыздың жарқын болашағы үшін бірге әрекет етейік 
.