«Мектеп театры» шабыт жобасы » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 48-91-43
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп театры» шабыт жобасы
06
қараша
2026

«Мектеп театры» шабыт жобасы

«Мектеп театры» шабыт жобасы
2026 жылдың 5 қараша күні А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 1–5 сынып оқушыларының қатысуымен «Мектеп театры» шабыт жобасы аясында әсерлі сахналық көріністер қойылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында әділдік, жауапкершілік, елін сүю, зиянды әдеттерден аулақ болу сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және өмірлік ұстанымдарын нығайту.
Сахна төрінде оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге тәрбиелік мәні зор қойылымдар ұсынып, терең ой салды. Әрбір көрініс жас ұрпақты ізгілікке, адалдыққа, жауапкершілікке және дұрыс таңдау жасауға үндеді.
Жоба оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, рухани дүниесін байытуға, өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
Барлық қатысушылар мен жетекшілерге шығармашылық табыс тілейміз!