04
маусым
2026
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
4 маусым – еліміздің тарихындағы ерекше маңызы бар мерекелердің бірі. Бұл күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде бекітіліп, тәуелсіз еліміздің басты нышандарына айналды.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың бірлігі мен тұтастығын, тәуелсіздігі мен егемендігін білдіретін қасиетті құндылықтар. Көк байрағымыз – бейбітшілік пен ашық аспанның белгісі болса, Елтаңбамыз – ортақ шаңырақ астындағы татулық пен берекенің көрінісі. Ал Әнұран – Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты асқақтататын қастерлі туынды.
Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, олардың мәні мен маңызын жас ұрпақтың бойына сіңіруге үлес қосуы қажет. Себебі рәміздерді құрметтеу – Отанды құрметтеудің айқын белгісі.
Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз! Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіз Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын!