18
наурыз
2026
18 наурыз – Ұлттық киім күні құтты болсын! Ұлттық киім – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті мен дәстүрінің айқын көрінісі. Әрбір ою-өрнек пен нақышта ата-бабамыздың тарихы, дүниетанымы мен талғамы көрініс табады. Қазақтың ұлттық киімі –
Ұлттық киім – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті мен дәстүрінің айқын көрінісі. Әрбір ою-өрнек пен нақышта ата-бабамыздың тарихы, дүниетанымы мен талғамы көрініс табады. Қазақтың ұлттық киімі – тек сән үлгісі ғана емес, ол – рухани мұра, ұлттық болмыстың символы.
Осы атаулы мерекеге орай А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің ұстаздары мен оқушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақтың әсем киімдерін киіп, ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Мектеп қабырғасында ұлттық рухты көтеретін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, салт-дәстүрлерімізді насихаттады.
Ұлттық киім – ұлттың айнасы. Оны құрметтеу – өткенімізге тағзым, болашағымызға аманат. Әрбір қазақ баласы өз ұлттық құндылықтарын қадірлеп, дәріптеп өсуі тиіс.
Баршаңызды Ұлттық киім күнімен құттықтаймыз! Ұлттық рухымыз биік, мерейіміз үстем болсын! 
