Бірлік пен татулық – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік ұстанымы, елдігіміздің берік іргетасы. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 48-91-43
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірлік пен татулық – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік ұстанымы, елдігіміздің берік іргетасы.
16
ақпан
2026

Бірлік пен татулық – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік ұстанымы, елдігіміздің берік іргетасы.

БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ
Бірлік пен татулық – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік ұстанымы, елдігіміздің берік іргетасы. Қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуі ең алдымен адамдар арасындағы өзара сенімге, сыйластық пен түсіністікке негізделеді. Бір мақсатқа жұмылған ел ғана кез келген қиындықты еңсеріп, биік белестерді бағындыра алады.
Татулық пен ынтымақ – көпұлтты Қазақстанның басты құндылығы. Түрлі мәдениет пен дәстүрді, тіл мен дінді бір шаңырақ астында ұйыстыра білген еліміз үшін бейбітшілік пен келісім – баға жетпес қазына. Осындай ауызбіршіліктің арқасында Қазақстан әлемге бірлігі бекем, бейбітсүйгіш мемлекет ретінде танылып келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді. Бұл құрылым этностар арасындағы өзара түсіністікті арттырып, ортақ азаматтық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосуда.
Ынтымақ бар жерде – жасампаздық бар. Қоғамдағы әр жетістік пен игі бастама татулықтың жемісі екені сөзсіз. Сондықтан бейбітшілік пен келісімді сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті. Өзара құрмет, түсіністік және жауапкершілік – тұрақтылықтың кепілі.
Бірлік – елдің қуаты, татулық – қоғамның тұтастығы. Ортақ шаңырағымыздың шайқалмауы, болашағымыздың жарқын болуы – әрқайсымыздың қолымызда. Бірлікті көздің қарашығындай сақтап, бейбіт өмірдің қадірін білу – бүгінгі және келер ұрпақ алдындағы қасиетті парыз.
Бірге болсақ – біз мықтымыз. Бірлік бар жерде – береке, тұрақтылық және мәңгілік елдік бар.