01
маусым
2026
Дарынды оқушымыз «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, Колобаев Кирилл І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Колобаев Кириллдің жетістігімен мақтанамыз!
Дарынды оқушымыз «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл – оқушының білімге деген құштарлығы мен табандылығының, сондай-ақ ұстазының қажырлы еңбегінің жемісі.
Колобаев Кириллді осы айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас математикке алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім мен ғылым жолында жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз. Әрдайым ізденістен танбай, ел мақтанышына айналар білімді де білікті азамат болып өсуіне сенім білдіреміз.
Оқушының жетістікке жетуіне бағыт-бағдар беріп, білім нәрімен сусындатып жүрген жетекшісі Пайдаева Эльмира Амановнаға алғысымызды білдіреміз. Еңбегіңіз жана берсін!
Жеңіс құтты болсын! Жаңа табыстар мен жарқын жетістіктер көп болсын! 
