16
наурыз
2026
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильмдерінің пилоттық көрсетілімі ұйымдастырылды.
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында деректі фильмдер көрсетілімі
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 5 ақпандағы №3-05-4/860-И хатын басшылыққа ала отырып, А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильмдерінің пилоттық көрсетілімі ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру.
Іс-шараға 9–11 сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтер және ата-аналар қатысып, ұсынылған деректі фильмдер арқылы жасөспірімдер тәрбиесі, олардың өміріндегі жауапкершілік пен дұрыс таңдау жасау мәселелері жөнінде мағлұмат алды.
Фильм көрсетілімінен кейін қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдағы тәртіпті құрметтеу және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың саналы азамат болып өсуіне және қоғамдағы жағымсыз әрекеттерден аулақ болуына бағыт береді.