05
қаңтар
2026
Шымкент қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған «Кел, Жаңа жыл, ортаға!» атты Жаңа жылдық шырша мерекесі жоғары деңгейде өтті.
Шымкент қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған «Кел, Жаңа жыл, ортаға!» атты Жаңа жылдық шырша мерекесі жоғары деңгейде өтті. Ізгілік пен мейірімге толы бұл шара балаларға ұмытылмас әсер сыйлап, жаңа жылдық ерекше көңіл күй қалыптастырды.
Мерекелік шараға ерекше білім беру қажеттілігі бар, қамқорлыққа алынған және мүгедектігі бар 280 бала қатысып, нағыз ертегі әлеміне саяхат жасады. Әсем безендірілген зал, жарқыраған шырша мен жаңа жылдық әуендер балаларға қуаныш пен шаттық сыйлады.
Іс-шара барысында балаларға арналған қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, ертегі кейіпкерлері қатысқан әсерлі қойылымдар көрсетілді. Көңілді ойындар, шығармашылық номерлер мен би қойылымдары балалардың жүзінен күлкі сыйлап, мерекенің шырайын аша түсті. Әрбір бала өзіне ерекше көңіл бөлінгенін сезініп, мерекенің жылуын жүрегіне түйді.
Шара соңында барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталып, балаларға жаңа жылдық қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл мереке балалардың бойында сенім, үміт пен жақсылыққа деген құлшынысты арттырды.
Аталған игі шараға біздің мектептің оқушысы да қатысып, мерекенің көркін аша түсті. Осындай ерекше балаларға қуаныш сыйлап, жүректеріне жылу ұялатқан игі бастама үшін ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз. Балаларға шаттық сыйлаған бұл мереке олардың жадында ұзақ сақталатыны сөзсіз.