14
наурыз
2026
14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын! А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі ұжымы баршаңызды Көрісу күнімен шын жүректен құттықтайды! 🤝
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі ұжымы баршаңызды Көрісу күнімен шын жүректен құттықтайды! 
Көрісу күні – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан асыл дәстүрлерінің бірі. Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, өкпе-ренішті ұмытып, ізгі тілектер айтып, мейірім мен бауырмалдықты арттыратын ерекше күн. Осындай игі дәстүр арқылы халқымыз татулық пен бірлікті, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттілікті дәріптеп келеді. 
Бүгінгі күні ағайын-туыс, көрші-қолаң, дос-жаран бір-бірімен көрісіп, «Жасың құтты болсын!», «Бір жасыңмен!» деп ақжарма тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіреді. Бұл – халқымыздың кең пейілі мен дархан көңілінің, берекелі бірлігінің айқын көрінісі. 
Осы мерекелі күні әр шаңыраққа амандық, әр отбасыға бақыт пен береке тілейміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, бірлігіміз бекем болсын. Ұрпақтар сабақтастығы жалғасып, ұлттық құндылықтарымыз әрдайым ұлықтала берсін. 
Көрісу күні құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт және татулық тілейміз! 