15
наурыз
2026
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі директоры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, тәжірибелі ұстаз ретінде ел болашағына деген жауапкершілігін танытып, референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Бүгін еліміз үшін маңызды саяси оқиға – референдум өтіп жатыр. Осы маңызды сәтте А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі директоры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, тәжірибелі ұстаз ретінде ел болашағына деген жауапкершілігін танытып, референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамға үлгі болатын тұлға. Сондықтан ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерде белсенділік таныту – әрбір саналы азаматтың борышы. Білім мен тәрбиені қатар алып жүрген ұстазымыздың бұл қадамы жастарға да үлкен өнеге болып табылады.
Мектеп ұжымы әрқашан елдің дамуына, қоғамның өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Бүгінгі референдумға қатысу – ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның көрінісі.