Мектебімізде «Психологиялық қолдау орталығы» жұмысы аясында 9-сынып оқушыларына арналған «Агрессия мен нәсілдік алалаудың алдын алу стратегиялары» тақырыбында тәжірибелік тренинг өткізілді. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде «Психологиялық қолдау орталығы» жұмысы аясында 9-сынып оқушыларына арналған «Агрессия мен нәсілдік алалаудың алдын алу стратегиялары» тақырыбында тәжірибелік тренинг өткізілді.
24
қараша
2025

Мектебімізде «Психологиялық қолдау орталығы» жұмысы аясында 9-сынып оқушыларына арналған «Агрессия мен нәсілдік алалаудың алдын алу стратегиялары» тақырыбында тәжірибелік тренинг өткізілді.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Психологиялық қолдау орталығы» жұмысы аясында 9-сынып оқушыларына арналған «Агрессия мен нәсілдік алалаудың алдын алу стратегиялары» тақырыбында тәжірибелік тренинг өткізілді. Шараны мектеп психологы Н.Б. Исаханова жүргізді.
Тренингтің басты мақсаты — жасөспірімдер арасында жиі кездесетін агрессияның түрлері мен себептерін түсіндіру, нәсілдік және тұлғааралық кемсітушіліктің алдын алу, бейбіт қарым-қатынас құру дағдыларын қалыптастыру.
9-сынып оқушылары топтық жұмыс, жағдаяттық талдау және рөлдік ойындар арқылы эмоцияларын басқару, өзара түсіністік орнату және жанжалды дұрыс шешу тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгерді.
Шара барысында оқушыларға толеранттылық, құрмет, көпұлтты қоғамдағы мәдени қарым-қатынастың маңызы туралы түсініктер берілді. Тренинг белсенді және достық атмосферада өтіп, оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, практикалық жаттығуларға қызығушылықпен қатысты.
Соңында психолог агрессияны бақылауға көмектесетін пайдалы кеңестер ұсынып, оқушыларға күнделікті өмірде қолдануға болатын тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.