Мектебімізде 10-сынып оқушыларына арналған «Интернеттегі жасырын топтар: алдау әдістерін тану және қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-профилактикалық тренинг өткізілді. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде 10-сынып оқушыларына арналған «Интернеттегі жасырын топтар: алдау әдістерін тану және қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-профилактикалық тренинг өткізілді.
24
қараша
2025

Мектебімізде 10-сынып оқушыларына арналған «Интернеттегі жасырын топтар: алдау әдістерін тану және қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-профилактикалық тренинг өткізілді.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 10-сынып оқушыларына арналған «Интернеттегі жасырын топтар: алдау әдістерін тану және қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-профилактикалық тренинг өткізілді. Тренингті мектеп психологы Н.Б. Исаханова жүргізді.
Шараның мақсаты – оқушыларды интернеттегі қауіпті жасырын топтар, манипуляция тәсілдері, фейк ақпараттар және алаяқтық схемалары туралы хабардар ету, алдау әдістерін тану дағдыларын қалыптастыру және онлайн қауіпсіздік мәдениетін күшейту.
Тренинг барысында 10-сынып оқушылары:
 • интернеттегі жасырын қауымдастықтардың қалай жұмыс істейтіні;
 • бөгде адамдардың сенімге кіру тактикалары;
 • психологиялық манипуляция белгілері;
 • жалған парақшаларды анықтау жолдары;
 • өз деректерін қорғау әдістері;
 • күмәнді топтардан, чаттардан, хабарламалардан қалай сақтану керек
сияқты маңызды ақпараттармен танысты.