ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Ұстаз – әр шәкірттің жүрегіне білімнің нұрын жағып, өмір жолына бағыт-бағдар беретін ұлы тұлға. Ұстаздың әрбір айтқан сөзі, берген білімі мен көрсеткен өнегесі шәкірт жүрегінде мәңгі сақталады. Ұстаз еңбегі – баға жетпес еңбек, өйткені бүгінгі шәкірт – ертеңгі елдің азаматы. Осы айтулы мерекеге орай А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушылары аяулы ұстаздарына өздерінің жүрекжарды ақ тілектері мен ыстық лебіздерін арнап, арнайы бейнеролик дайындады.