ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 48-91-43
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
қазан
2026

ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 
Ұстаз – әр шәкірттің жүрегіне білімнің нұрын жағып, өмір жолына бағыт-бағдар беретін ұлы тұлға. Ұстаздың әрбір айтқан сөзі, берген білімі мен көрсеткен өнегесі шәкірт жүрегінде мәңгі сақталады. Ұстаз еңбегі – баға жетпес еңбек, өйткені бүгінгі шәкірт – ертеңгі елдің азаматы.
Осы айтулы мерекеге орай А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушылары аяулы ұстаздарына өздерінің жүрекжарды ақ тілектері мен ыстық лебіздерін арнап, арнайы бейнеролик дайындады. 
Құрметті ұстаздар!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз! Әрбір еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің биік белестерден көрінуіне куә болыңыздар. Сіздердің берген білімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз талай шәкірттің болашағына жол ашып, өміріне бағыт береді.
Ұстаздық жолдарыңыз әрдайым абырой мен құрметке, қуаныш пен жетістікке толы болсын! Әр күніңіз шәкірттеріңіздің алғысы мен ақжарма тілегіне бөленсін. Жүректеріңізден жылу, жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден шабыт кетпесін! 
Барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек.
Ұстазға құрмет – ұрпаққа құрмет!
Ұстазға алғыс – жүректен! 🤍
 Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты ұстаздар!
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі