22
октябрь
2026
«Ашық есік күні» өтті
Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар: психолог пен отбасының өзара ынтымақтастығы
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Ашық есік күні» өтті
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар: психолог пен отбасының өзара ынтымақтастығы» тақырыбында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналар мен мектеп психологтарының өзара байланысын нығайтып, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиенің маңызын түсіндіру және бала дамуына қолайлы психологиялық орта қалыптастыру болды.
Кездесу барысында мектеп психологтары бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, ұлттық салт-дәстүрлердің тұлға қалыптастырудағы орны, жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайын қолдау, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты дамыту жолдары туралы кеңестер берді.
Ата-аналар ашық диалогқа қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған әдіс-тәсілдермен танысып, күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы ұсыныстарға ие болды.
Қазақ халқының «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген нақыл сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды. Сондықтан мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы – саналы, тәрбиелі әрі ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеудің басты кепілі.
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі алдағы уақытта да ата-аналармен серіктестікті нығайтуға бағытталған осындай тағылымды кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастыра береді.
