23
октябрь
2026
«Республика күні – елдігіміздің нышаны, тәуелсіздігіміздің тұғыры!»
«Республика күні – елдігіміздің нышаны, тәуелсіздігіміздің тұғыры!»
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 25 октябрь – Республика күніне орай тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға еліміздің тарихын таныту, мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің маңызын ұғындыру.
Сынып сағаттары барысында оқушылар Республика күнінің тарихи маңызы туралы мәліметтермен танысып, еліміздің жетістіктері, ұлттық құндылықтар мен патриотизм туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, туған жерге деген сүйіспеншілік, ел алдындағы жауапкершілік және азаматтық ұстаным тақырыптары кеңінен қозғалды.
Осындай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық рухты нығайтып, туған елін қадірлейтін, оның болашағына жауапкершілікпен қарайтын саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
