02
октябрь
2026
Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты жол!
Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты жол!
Ұстаздар күніне орай А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде білім мен тәрбие саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген ұстаздарға құрмет көрсету мақсатында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында ұстаздардың еңбегі дәріптеліп, олардың жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі ерен еңбектеріне ерекше алғыс білдірілді. Ұстаздық – үлкен жауапкершілікті, ізденісті және жүрек жылуын талап ететін абыройлы мамандық. Сондықтан бұл күн – барша ұстаздар қауымына деген құрмет пен ризашылықтың айрықша белгісі.
Мерекелік шараға арнайы қонақ ретінде «Әділет» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Лештаев Орынбасар қатысып, мектеп ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Шара барысында білім беру саласына қосқан үлесі, шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі мен кәсіби қызметі үшін бірқатар ұстаздар марапатталып, алғысқа ие болды. Ұстаздарға көрсетілген бұл құрмет – олардың еңбегіне деген жоғары бағаның және қоғамдағы мәртебесінің айқын көрінісі.
Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл күймен, ізгі тілектермен және жылы лебіздермен жалғасын тапты. Ұстаздар қауымы үшін бұл күн ерекше қуаныш пен жақсы көңіл күй сыйлаған айтулы мерекеге айналды.
Құрметті ұстаздар!
Сіздердің әрбір берген білімдеріңіз – шәкірттің болашағына салынған инвестиция, әрбір айтқан ақылдарыңыз – өмірлік бағыт, әрбір еңбектеріңіз – ел ертеңіне қосылған үлес.
Барша ұстаздарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, шығармашылық табыс, сарқылмас күш-қуат және шәкірттерінің биік жетістіктерін тілейміз!
Ұстаздар күні құтты болсын!
Ұлағатты еңбектеріңіз әрдайым абырой мен алғысқа бөлене берсін!

