«AMANAT» ПАРТИЯСЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 95-49-71
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
» » «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ
18
август
2025

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ
Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласында қуанышты сәттерге толы игі іс-шара өтті. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты комиссиясы мен «Shymkent City Mall» сауда орталығының әкімшілігі бірлесіп, «Баланы мектепке дайындайық» акциясын ұйымдастырды. Іс-шара аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 50 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Балғындарға қуаныш сыйлаған іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, Әйелдер қанаты комиссиясының төрайымы Наргиза Керімбаева және комиссия мүшелері қатысты.
Мұрат Жолдыхожаев балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді:
«AMANAT» партиясы «Баланы мектепке дайындайық» акциясын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Бүгінгі игі шара – балаларға демеу беру, олардың еркін сезініп, көтеріңкі көңіл-күймен жаңа оқу жылын бастауына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!» – деді ол.
Өз кезегінде Әйелдер қанаты комиссиясының төрайымы Наргиза Керімбаева да жүрекжарды тілегін жеткізді:
«Балалардың қуанышы – біздің қуанышымыз. Олардың білімге деген құлшынысын қолдау – қоғам алдындағы үлкен міндет. Осындай шаралар арқылы әр баланың арманына қанат бітуіне үлес қосамыз деп сенемін», – деді ол.
Акция аясында бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау да назардан тыс қалмады. Балалар Play Park-қа тегін кіріп, түрлі ойындар ойнады. Сондай-ақ, кинотеатрда арнайы анимациялық фильмдер көрсетіліп, тәтті тағамдар мен сусындар тарту етілді.
Бұл шара балалардың ғана емес, ата-аналардың да жүрегіне қуаныш сыйлап, жаңа оқу жылына ерекше шабытпен қадам басуына себеп болды.
📜 А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің директоры Сарымсакова Айна Аблаевна атынан «AMANAT» партиясына, Шымкент қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты комиссиясына және «Shymkent City Mall» әкімшілігіне шынайы алғысымызды білдіреміз.
Балаларымызға қуаныш сыйлап, жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауына қолдау көрсеткендеріңіз үшін зор ризашылығымызды айавгуст. Ізгі істеріңіз әрдайым жалғасын тауып, еңбектеріңіз жемісті болсын!