Материалы за 28.03.2022 » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 95-49-71
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
“ Қош келдің, Март!”
28
март
2022
“ Қош келдің, Март!”
N 41 мектеп-лицейінде “ Қош келдің, Март!” мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекені 11 орыс сыныбының оқушылары ұйымдастырды. Қазақ халқының “Сырға салу” салт дәстүрі көрсетілді. Қуантары: өзге тіл өкілдері қазақша таза сөйлеп, салтымызға қызығушылық танытқаны. “Ұстазы жақсы болғанның- ұстанымы мықты болады”- демекші. Школьникам бағыт-бағдар беріп, Қазақ тілін құрметтеуге насихаттап отырған қазақ тілі пәні мұғалімі, мектебіміздің директоры Сарымсакова Айна Аблаевна.
“Март көже” кеші
28
март
2022
“Март көже” кеші
N 41 мектеп-лицейінде ұстаздар қауымының арасында “Март көже” кеші өткізілді. Март көже - Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, март көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол - тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Мерекелік іс-шара  ұжымның кәсіподақ ұйымы дайындады. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!!!  
“Аула чемпионаты”
28
март
2022
“Аула чемпионаты”
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен “Аула чемпионаты” өткізілді. N 41 мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды. Құттықтаймыз! Асық ату 41-мектеп екінші орын жетекшісі:Салыбеков Станислав Сулейевич Гимнастика 41-мектеп бірінші орын жетекшісі:Карабаев Демеу Курмангалиевич Футбол қақпаға доп соғу 41-мектеп бірінші орын жетекшілері:Амалбаев Дархан, Сарсен Абзал
“Қош келдің, Март!” Мерекелік іс-шара
28
март
2022
“Қош келдің, Март!” Мерекелік іс-шара
А. Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицейінде “Қош келдің, Март!” Мерекелік іс-шара өтілуде. 3-4 орыс сынып оқушыларының қатысуымен Қазақ тілі пәні мұғалімдері Ергешова З.М., Примкулова Л. тақырыптық ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Оқушылар қазақ тілін жетік меңгергені байқалып, пәнге қызығушылығы бар екенін көрсете білді. Домбыра тартылып, ән айтылды, сабақтын соңында әдемі бата берілді.