08
мамыр
2026
“Заң және тәртіп” жобасы аясында А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме сабақтары өткізілді.
Іс-шара барысында құқық қорғау саласының маманы Мухитдинов Азиз Ахмаджанович оқушыларға буллинг пен зорлық-зомбылықтың қоғамға және адам өміріне тигізетін кері әсері туралы жан-жақты түсіндіріп, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілігі жөнінде маңызды мәліметтер берді.
Кездесу барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.