Бүгін біздің мектептің 10-11 сынып оқушылары Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Білімді келешек – I» халықаралық білім көрмесіне қатысты. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін біздің мектептің 10-11 сынып оқушылары Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Білімді келешек – I» халықаралық білім көрмесіне қатысты.
15
қазан
2025

Бүгін біздің мектептің 10-11 сынып оқушылары Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Білімді келешек – I» халықаралық білім көрмесіне қатысты.

🎓 «Білімді келешек» көрмесіне қатысу – болашаққа нық қадам!
Бүгін біздің мектептің 10-11 сынып оқушылары Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Білімді келешек – I» халықаралық білім көрмесіне қатысты. Іс-шара Оңтүстік Қазақстан университеті базасында өткізіліп, оқушылар қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары туралы кең көлемді ақпарат алды.
🔹 Оқушылар шетелдік және отандық университеттердің өкілдерімен тікелей тілдесіп, мамандық таңдауға қатысты маңызды мәліметтер жинады.
🔹 Болашақ кәсіп таңдауда бағыт-бағдар беретін мотивациялық кездесулер өтті.
🔹 Әр жоғары оқу орны өз гранттары, оқуға түсу шарттары мен мүмкіндіктері туралы таныстырылым жасады.
💬 Іс-шараға қатысқан оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, болашақ мамандықтарын саналы таңдауға ынталанды.
Осындай пайдалы кездесулер жастардың болашаққа деген сенімін арттырып, білімді ұрпақ – жарқын келешек кепілі екенін тағы бір дәлелдеді! 🌟