15
желтоқсан
2025
«Салауатты жас: дене, ой, цифрлық әлем және болашақ» А.С. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде АО «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» ЖТД-2 кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Досыбаева Гүлжан Нұрбековна негізін қалаған жоба аясында ж
«Салауатты жас: дене, ой, цифрлық әлем және болашақ»
А.С. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде
АО «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» ЖТД-2 кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Досыбаева Гүлжан Нұрбековна негізін қалаған жоба аясында және топ жетекшісі, м.ғ.к., доцент Сартаева Қаламқас Алмешовнаның басшылығымен ЖТД-2 кафедрасының ІЖТДК 17–25 топ дәрігер-интерндерінің қатысуымен 2025 жылғы 11 желтоқсанда конференция өткізілді.
Іс-шара барысында мектеп-лицей оқушыларымен қатар педагогикалық ұжымға да салауатты өмір салтын қалыптастыру, ақыл-ой денсаулығын сақтау, энергетикалық сусындардың зияны, цифрлық ортадағы қауіпсіздік және медицина мамандығына кәсіби бағдар беру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қысқаша әрі мазмұнды ақпарат ұсынылды.
Аталған іс-шара оқушылар мен мұғалімдердің денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын арттыруға, цифрлық сауаттылығын дамытуға және салауатты әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.