2025 жылғы 1 қыркүйек күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өтті. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025 жылғы 1 қыркүйек күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өтті.
01
қыркүйек
2025

2025 жылғы 1 қыркүйек күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өтті.

📚✨ Мектебім – мейірім мекенім ✨📚
2025 жылғы 1 қыркүйек күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік іс-шараға қала әкімдігі мен мәслихат депутаттары, білім басқармасының өкілдері, мектеп басшылығы, педагогикалық ұжым, оқушылар мен ата-аналар қатысты.
2025–2026 оқу жылында мектебімізде 1800 оқушы білім алуда. Оның ішінде 122 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданса, 109 түлек 11-сыныпта үлкен өмірге жолдама алуға дайындалуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қала әкімдігінің қолдауымен мектептерді жаңғырту және жаңа білім ордаларын салу аясында біздің мектеп екі ауысымда жұмысын жалғастыруда.
Мектебімізде заманауи әдіс-тәсілдер мен жаңа жабдықтар кеңінен қолданылып, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, цифрлық сауаттылығын арттыруға, ғылыми пәндерге қызығушылығын күшейтуге, шығармашылық және креативті қабілеттерін жетілдіруге барлық жағдай жасалған. Білім беру тек теориямен шектелмей, практикалық сабақтар арқылы жүзеге асырылады. Мұғалімдер интерактивті технологияларды, зертханалық құралдарды пайдалана отырып, әрбір оқушының жеке қабілетін ашуға жол ашады. Барлық педагогтеріміз 100% жасанды интеллект бойынша сертификатталған.
2 қыркүйектен бастап тәрбиелік жұмыс «АДАЛ АЗАМАТ» бірыңғай бағдарламасы аясында жүргізіледі. Бұл бағдарлама – Мемлекет басшысы ұсынған «Адал Азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасын қамтиды. Сонымен қатар, мектебіміз «Өмірлік бағдар» және «Тәртіп тірегі» жобаларына белсенді қатысуда.
Жаңа оқу жылының алғашқы күні бірінші сабақ «Мектебім – мәңгілік мекенім» атты тәрбие сағатымен басталды. Биылдан бастап әр дүйсенбі күнгі алғашқы 10 минуты – жеке қауіпсіздік сабағына, ал әр сәрсенбі күнгі алғашқы 3 минуты – дене жаттығуларына арналады.
Оқушыларды мамандыққа ерте бейімдеу мақсатында бастауыш сыныптардан бастап түрлі маман иелерімен кездесулер, жобалық апталар ұйымдастырылып, 7-сыныптан «БЕЙІНДІК СЫНЫПТАР» жүйесі енгізілуде. Бұл оқушылардың болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.
2025 жылы мектебіміз мемлекеттік аттестаттаудан өтетіндіктен, білім сапасын арттыру мақсатында «ТАЛАП» жобасы аясында тәжірибе алмасып келеміз. Бастауыш сынып оқушылары 2022 жылдан бері толықтай ыстық тамақпен қамтылған.
Сонымен бірге, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында мектебімізде 340 балаға көмек көрсетілді. Оның ішінде:
 • Мемлекеттік қолдау арқылы – 270 балаға,
 • «Amanat» партиясы тарапынан – 50 балаға,
 • Қазақстан халқы Ассамблеясы – 10 балаға,
 • демеушілер тарапынан – 10 балаға қолдау жасалды.
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі – мейірім мен білімнің, ізгілік пен парасаттың тоғысқан алтын ұясы!