
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Микробқа қарсы препараттарға төзімділік жөніндегі апталық өтті.
Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасының 3.3-тармағын іске асыру аясында Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс қолдануды насихаттау апталығына орай А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде бірқатар ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

2025 жылғы 18–24 қараша аралығында мектепте микробқа қарсы препараттарға төзімділік (МҚТ) мәселесі туралы оқушылардың білімін арттыру мақсатында сынып сағаттары, әңгімелесу және таныстырылым жұмыстары ұйымдастырылды.

Сынып жетекшілері оқушыларға антибиотиктердің орынсыз қолданылуы қандай қауіп төндіретінін, МҚТ-ның алдын алу жолдарын түсіндірді;

МҚТ туралы бейнероликтер мен инфографикалар көрсетілді;

Оқушылармен сұрақ-жауап форматында пікірталас ұйымдастырылып, «Антибиотиктерді тек дәрігер кеңесімен қолдану» тақырыбы талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында антибиотиктерді дұрыс қолдану мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік деңгейін арттыру және микробқа қарсы препараттарға төзімділікке жол бермеу.

Осындай түсіндіру жұмыстары жас ұрпақтың денсаулығын сақтауға, жауапты көзқарас қалыптастыруға өз үлесін қосады.