А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 9–10-сынып оқушылары арасында «Интернеттегі анонимдік жойылуы тиіс» тақырыбында пікірсайыс (дебат) өткізілді. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 9–10-сынып оқушылары арасында «Интернеттегі анонимдік жойылуы тиіс» тақырыбында пікірсайыс (дебат) өткізілді.
18
қараша
2025

А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 9–10-сынып оқушылары арасында «Интернеттегі анонимдік жойылуы тиіс» тақырыбында пікірсайыс (дебат) өткізілді.

ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ                             
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 9–10-сынып оқушылары арасында «Интернеттегі анонимдік жойылуы тиіс» тақырыбында пікірсайыс (дебат) өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, интернеттегі қауіпсіздік мәселелерін талдау, өз көзқарасын ғылыми дәлелдермен қорғауға үйрету.
Пікірсайыс барысында оқушылар интернеттегі анонимділіктің пайдалы және зиянды тұстарын жан-жақты талқылады. Тараптар кибербуллингтің алдын алу, жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ақпараттық мәдениет және сөз бостандығы мәселелеріне тоқталып, әртүрлі көзқарастар ұсынды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Пікірсайыс оқушылардың ой еркіндігі мен пікір білдіру мәдениетін қалыптастыруға үлкен ықпал етті.