29
қазан
2025
№41 мектеп-лицейінде 2025–2026 оқу жылының күзгі демалысы кезінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Каникулда кітап оқимыз» атты күнделікті 20 минуттық кітап оқу акциясы ұйымдастырылды.
Каникулда кітап оқимыз
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 2025–2026 оқу жылының күзгі демалысы кезінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Каникулда кітап оқимыз» атты күнделікті 20 минуттық кітап оқу акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, оқу сауаттылығын дамыту және бос уақытын тиімді пайдалану болды.
Күн сайын оқушылар өз таңдауы бойынша түрлі жанрдағы көркем әдебиеттерді, ертегілер мен әңгімелерді оқыды. Мұғалімдер мен сынып жетекшілері оқушыларға бағыт-бағдар беріп, оқылған шығармалар бойынша пікір алмасу және мазмұнын әңгімелеу жұмыстары жүргізілді.
Акция барысында оқушылардың белсенділігі жоғары болды. Көптеген оқушылар жаңа кітаптармен танысып, сүйікті авторлары туралы өз әсерлерімен бөлісті. Іс-шара оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға және рухани дамуына оң әсерін тигізді.