А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Буллингке жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Буллингке жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
21
қазан
2025

А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Буллингке жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

🚫 Буллингке жол жоқ! 🚫
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Буллингке жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында өзара құрмет пен қолдау мәдениетін қалыптастыру, буллингтің зорлық-зомбылықтың бір түрі екенін түсіндіру.
🔹 Сабақ барысында оқушылар буллингтің вербалды, психологиялық және кибербуллинг түрлерімен танысып, оның зардабы мен алдын алу жолдарын талқылады.
🔹 Оқушылар «Әр бала – қорғаныссыз емес», «Мейірімділік – адамдықтың белгісі» деген маңызды ойларды ортаға салып, өз пікірлерін білдірді.
🔹 Сынып жетекшілері мен мұғалімдер балаларды бір-бірін қолдауға, жанашыр болуға және кез келген әділетсіздікке бейжай қарамауға шақырды.
✨ Қауіпсіз және мейірімді мектеп ортасын құру – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Буллингке жол жоқ – мейірімділікке жол ашық!