Мектебімізде білім алушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық қолдауын күшейту мақсатында «Өркен» психологиялық қолдау орталығының бастамасымен «ДосболLIKE» бағдарламасы енгізілуде. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде білім алушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық қолдауын күшейту мақсатында «Өркен» психологиялық қолдау орталығының бастамасымен «ДосболLIKE» бағдарламасы енгізілуде.
07
қазан
2025

Мектебімізде білім алушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық қолдауын күшейту мақсатында «Өркен» психологиялық қолдау орталығының бастамасымен «ДосболLIKE» бағдарламасы енгізілуде.

📚 Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз! 💫
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық қолдауын күшейту мақсатында «Өркен» психологиялық қолдау орталығының бастамасымен «ДосболLIKE» бағдарламасы енгізілуде. 🧠🤝
Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушылар арасында буллингтің (жәбірлеудің) алдын алу, суицидтің алдын алу, сондай-ақ балалардың құқықтары мен салауатты өмір салтын сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бағдарлама материалдары білім алушылармен, педагогтермен және ата-аналармен жұмыс барысында қолданылатын болады.
Ұлттық білім академиясының ұсынымдарына сүйене отырып, аталған бағдарлама 2025–2026 оқу жылынан бастап жалпы орта білім беретін мектептерде жүзеге асырылады.
Біздің мектеп ұжымы да осы маңызды бастаманы қолдап, педагогтер мен оқушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. 💬✨