26
қыркүйек
2025
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде сейсможаттығу өткізілді 🌍
Қауіпсіздік – ең басты құндылық!
Осы мақсатта мектебімізде “Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер” тақырыбында сейсможаттығу жұмыстары ұйымдастырылды.
Жаттығудың негізгі мақсаты – оқушылар мен ұстаздардың төтенше жағдай орын алған сәтте дұрыс қимылдай білуін қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін тәжірибеде пысықтау.
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі ұжымы әрдайым оқушылардың амандығы мен қауіпсіздігін басты назарда ұстайды 