12
қыркүйек
2025
№41 мектеп-лицейінде 1 «В» және 1 «Д» сынып оқушылары үшін сынып сағаты өткізілді.
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 1 «В» және 1 «Д» сынып оқушылары үшін сынып сағаты өткізілді. Сабақтың тақырыбы – «ПДД – Жол қозғалысы ережелері».
Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, оларды бағдаршам сигналдарын дұрыс пайдалануға, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан қауіпсіз өтуге, көліктердің қозғалысына мұқият болуға үйрету.
Сабақ барысында бүлдіршіндерге көрнекілік материалдар көрсетіліп, қызықты тапсырмалар орындалды. Балалар жол белгілерімен танысып, күнделікті өмірде жолда жүру кезінде өздерін қалай ұстау керектігін үйренді. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы кішкентай оқушылардың бойында қауіпсіздік ережелеріне деген жауапкершілік арта түседі. 
Нуралиева Р.К., Ирисметова Д.Б.